МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ АТА ЗАҢДА АЙҚЫН КӨРІНСІН! Ашық хат.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевқа,
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Сағынтаевқа,
Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының Төрағасы Қ-Ж.Тоқаевқа,
Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматуллинге
Елбасымыздың өкілеттіктерінің біразын Парламент пен Үкіметке беруіне байланысты демократиялық бағыттағы Конституциялық реформа жасау мәлімдемесі елдің ұлттық санасын қалың ұйқыдан оятып жіберді десе де болады. Партиялар, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер, қоғам қайраткерлері бұл ел тағдырындағы ең өзекті мәселеге жаппай үн қосуда.
Еліміздегі өзгерістер тек аталмыш өкілеттіктермен ғана шектеліп қалмауы керек. Негізгі заңымыздағы бұл өзгерістер еліміздегі келешек кешенді өзгерістерді тудырады деп сенеміз. Қазір қоғам барлық салада шынайы өзгерістерді күтуде.
Сондықтан, кеңестік кезеңнен бері отыз жылға жуық теперіш көріп келе жатқан Мемлекеттік тіл мәртебесін ойыншыққа айналдыра бермей, Ата заңда ақиқат, анық, өзінің заң жүзіндегі орнына ие болуы керек. Себебі, орнағанына 25 жылдан асып бара жатқан Тәуелсіздігімізде мұндай Конституцияны демократиялық даму аясында талқылау – тек біздің ұрпақтың маңдайына бұйырып отыр!
Біз, Қазақстанның зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік тілдің мәртебесін анықтайтын Конституцияның 7-бабынан 2-тармағын алып тастауды ұсынамыз. Себебі Тілдер туралы алғашқы заң қабылдаған 1989 жылы Қазақстан Кеңес Одағы құрамынан әлі шықпаған кезі, «Қазақ Советтік Социалистік Республикасы» еді.Заңның аты да «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Тіл туралы» Заңы делінген... Әрі осы заңдағы «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі болып табылады» деген бапты қабылдау кезінде халықтың пайыздық салмағы қатарлас еді. Яғни қазақтар 1989 жылы 39,7 пайыз, орыстар 37,8 пайыз болатын. Сондықтан ол кезде бұл заңдылық болып қабылданды. Кейін 1995 жылы Конституция қабылдарда Қазақстан Республикасы осы «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Тіл туралы» Заңына сүйеніп, осы кеңестік кезең талаптары шеңберінен шыға алмай, «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады»– деген 7-баптың 2-тармағын қабылдап, орыс тілін тіпті, шектен тыс күшейтіп жіберді деуге болады… Кейін де, 1997 жылғы «ҚР Тіл туралы заңымыз» да осы ескі сүрлеумен, Кеңес империясы кезіндегі талаппен кетті..
Ал қазір Тәуелсіздікке ширек ғасырдан асқанда, қазақтардың саны кемінде 70 пайыздан асып кеткендіктен, бұл орыс тілі туралы талап демографиялық және демократиялық заңдылықтармен өз күшін жойып отыр.
Бұндай өзгеріс Тәуелсіздігіміздің 26 жылында, Азаттық үшін күрескен Алаш қозғалысына 100 жыл толып отырған кезеңде, жасалып жатса, бұл алдымен демократиялық жаңаруды бастаған Елбасымыздың еңбегі болып табылатыны анық.
Елбасымыздың өзі де биылғы Жолдауында «Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді.»-деп мәлімдеді. ҚР Президенті Жолдауындағы бұл сөздерді қарапайым, өмірлік қалыпқа түсірсек, «Қазақ тілінің басымдығы сақталады, дамуына зор көңіл бөлінеді»-дегеніміз, ең біріншіден, Конституциядан мемлекеттік тілдің дамуына басты кедергі болып отырған орыс тілі туралы 7 баптың 2-ші тармағын алып тастау! Одан соң екіншіден, Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау!
Конституцияның 7-бабында «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп бадырайып жазылып тұрса да, екінші тармағындағы «орыс тілі ресми түрде мемлекеттік тілмен тең қолданылады» деген сөз – «ресми тіл» дегенді білдірмейтінін және орыс тілі екінші мемлекеттік тіл бола алмайтынын Конституциялық Кеңес дәлелдеп берсе де, сол бір 7-баптың екінші тармағы жұртты әлі шатастырып, орыс тілі заңсыз мемлекеттік тіл рөлін атқарып келе жатыр. Сондықтан Конституцияның 7-бабының екінші тармағын алып тастау керек.
«15 жылдан бері мемлекеттік тілді аю да үйреніп алатын уақыт болды» – деп Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің ащы шындықты жайып салғанынан кейін де он жыл өтті?!.
Ал, 2011 жылы Конституциядан 7 -баптың 2-ші тармағын алып тастауды көтерген «138-дің хаты» кезінде бұл Үндеуді қолдағандардың саны қысқа мерзімнің өзінде 30 мыңға жуықтаған еді…
Бірақ, сол кезде билік Конституцияны өзгертуге болмайтынын айтып, халықтың талабына келіспей қойған еді.
Енді, бүгін Елбасымыздың өзі Конституцияға реформа жасауға шақырып, демократиялық жаңаруды бастағанда, зиялы қауымның үнсіз қалуы – болашақтың алдында кешірілмейтін қылмыс деуге болады.
Медициналық тілмен айтқанда, ауруды емдеу үшін диагнозды дәл қоюымыз керек. Біз жүрегі ауыратын адамға тұмаудың диагнозын қойып, солай емдеп келеміз.
Физикалық тілмен айтқанда, біз газды басқанмен, тежегішті жібермей келеміз.
Сол тежегіш – Конституцияның 7- бабынан орыс тілі туралы 2-ші тармағын алып тастауды ұсынамыз.
СУҒА ТҮСПЕЙ ЖҮЗУДІ ҮЙРЕНУ ЕШҚАШАН МҮМКІН ЕМЕС БОЛСА – АТА ЗАҢНАН 7 БАПТЫҢ 2-ТАРМАҒЫН АЛЫП ТАСТАМАЙ, ТІЛДІ ҮЙРЕНУ ДЕ ДӘЛ СОЛАЙ МҮМКІН ЕМЕС!
Мемлекеттік тілге қажеттілік тудыру қажеттігін өзге ұлт өкілдері де түсінуде
2011 жылы Конституциядан 7 баптың 2-ші тармағын алып тастауды көтерген 138-дің хатын – заңды талапты орыстілді өзге ұлттар да қолдады. Сын сағаттарда парасатты кәріс қызы Клара Хан, Украин Мәдениет орталығының төрағасы Валентин Лымаренко және Николай Щербинин, Алла Платонова секілді орыс ұлтының озық ойлы өкілдері мемлекеттік тілді қолдап шықты. «Қазақ тіліне қарсылық – қазақ халқына қарсылық» деді Клара Хан ханым. «Қазақстанда қазақ тілі үстем болуы тиіс! Кез-келген мемлекет мемлекеттік тілсіз өмір сүре алмайды. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің өмірі, мемлекеттің бейнесі. Бізде ол –Қазақ тілі. Бұл – Қазақстан Республикасы! Сондықтан мемлекеттік тілді бәрі білуі керек!» деп мәлімдеді Валентин Лымаренко. «20 жыл тіл үйренуге аз уақыт емес, орыстар ренжімеуі керек! Мемлекеттік тілді білмегендер, елді қалай басқарады?» деді орыс Николай Щербинин. Ал орыс қызы Алла Платонова 2011 жылы Көкшетауда өткен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының V құрылтайында: «Қай мемлекетте тұрып өмір сүрсең, сол мемлекеттің тілін білуге, құрметтеуге міндеттісің! Қазақша сөйлемеу, үйренуге құлшынбау мемлекеттік тілді, яғни мемлекетті сыйламау. Қазақтың нанын жеп, ауасын жұтып, бірақ тілін менсінбеушілер елдеріне кетсін!» деді. Бұны орыстың ойлы қызы Алла Платонова айтты…
Ал өскемендік белгілі ақын, «Золотое перо России» халықаралық әдеби сыйлығының иегері, Ресей Жазушылар одағының мүшесі Борис Петрович Аникин : «Я член союза писателей России. Автор нескольких поэтических сборников. Я упорно изучаю казахский язык. Считаю, что каждый человек, который проживает в Казахстане, должен знать государственный язык, чтить культуру и обычаи этой великой нации. Сам Лев Толстой и Достоевский, приклонялись перед тюрками. Анна Ахматова потомок последнего хана Золотой Орды Ахмата. Казахи великий и воинственный народ. Призываю всех изучать казахский язык!!!»-деп жазады. https://qazaquni.kz/?p=27285
Яғни, өзге ұлт өкілдері де Мемлекеттік тілді қолдау – ел бірлігін қолдау екенін сезініп, ынтымақтастық көрсетіп отыр. Мемлекеттік тілге қажеттілік тудыру қажеттігін өзге ұлт өкілдері де түсінуде. Сондықтан, бұл жерде ұлтаралық қатынасқа сызат түседі деп босқа сезіктену негізсіз деп білеміз.
Конституциядан 7-баптың 2-ші тармағын алу – тек қазақ халқы үшін ғана жасалып отырған әрекет деуге болмайды. Бұл арқылы мемлекеттік тілді үйренген өзге ұлт өкілдеріне болашақта жарқын жол ашылады. «Тіл бірлігі – ел бірлігі» деп айтып жүрген Елбасының ұлағатты сөзі сонда ғана нақты іске асады. Егер бұл орыс тілі туралы тармақ алынбаса, 28 жыл үйренбеген өзге ұлт өкілдері , өзіміздің орыстілді қазақтар енді ешқашанда үйренбейді. Бұл- ширек ғасырдан астам уақыт анықтап берген аксиома!
Мемлекеттік тіл мәртебесін халық саны да қамтамасыз етеді
«Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тіркелді. 1999 жылғы санаққа дейінгі аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кеміген. Мұның басты себебі бұрын қуғын-сүргінге ұшырап, Қазақстан жеріне көшіріліп, қоныстандырылған өзге ұлт өкілдерінің, әсіресе, орыстардың, украиндардың, немістердің, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендеріне көшіп кетуі болды.
1989 жылмен салыстырғанда 1999 жылы ұлттық құрамда да айтарлықтай өзгеріс болды. Мысалы, қазақ ұлты 1468,1 мың адамға (22,9%) көбейіп, республика халқының жартысынан астамын (53,4%-ын) құрады. Оның есесіне орыс ұлты өкілдерінің саны 1582,4 мың адамға (26,1%-ға) кеміді»-дейді https://kk.wikipedia.org/wiki Ашық энциклопедиясы.
Яғни, 1989 жылдан 1999 жылғы дейін он жылда халық санағында қазақтар 22,9 пайызға көбейіп, 53,4 пайыз болса, орыстар 26,1 пайызға кеміген. Ал 2009 жылы қазақтар ресми дерек бойынша 63,1 пайызға жетті.
Сонымен қоса, қазақстандық орыс диаспорасы өкілдерінің 25,3 пайызы қазақ тілін түсінеді, 8,8 пайызы оқи алады, 6,3 пайызы жазады. Еліміздегі диаспоралардың өкілдері әлі де өздерінің, не ұрпақтарының тарихи отандарына қоныс аударғанын қалайды. Мәселен, «Сіз, өз балаларыңыздың болашағын қазақ елімен байланыстырасыз ба?» — деген сауалға, қазақтардың 96,9 пайызы, орыстардың 53,5 пайызы, басқа диаспора өкілдерінің 78,5 пайызы -«иә» деп жауап берген. Ертең елімізде қазақтар 75-80 пайызды құрағанда іс қағаздарын Ресей тілінде қалып жатса, ұлттық наразылық туатыны айқын.
2013 жылы өткізілген халық санағының қорытындысы бойынша халықтың этноқұрамы келесідей: қазақтар – 65,2%, орыстар – 21,8.
Ал 2017 жылғы халық санағы әлі жоқ. Әр онжылдық санақта еліміздегі халық санына шаққанда, кемінде 10 пайызға өсіп отырғанымызды ескерсек, (1989 жылы мен 1999 жылы арасындағы он жылда қазақтар 13,7 пайызға өсті) қазақтың бүгінгі саны шамамен 75 пайыздай деген елдің болжамы тура келетін сияқты. Себебі, атамекенге көшіп келуші қандастарымыз да мол, керісінше тарихи отандарына көшіп кетуші орыс ұлты өкілдері де көп. Сонда, қазақ халқы 75 пайыз деп алатын болсақ, 2013 жылғы орыстан өзге ұлттардың сандық пайызы 9,7 қалыпта қалған күннің өзінде, (түркітілдес диаспораларының өсімі жоғары, олардың көбісі мемлекеттік тілді жақсы біледі), басқа халықтар (саны 1 пайыздан төмен диаспоралар) 2013 жылғы санақ бойынша 4,4 пайыз болса, онда орыс ұлтының өкілдері 10 пайызға жуық төмендейді деп санауға болады….
Ендеше, 10-20 пайыз ғана, кезінде өзіміз отары болған ұлт диаспорасына өзге ұлт өкілдерінен сансыз артықшылық-астамшылық беріп, ширек ғасырдан астам әлі құлдық ұра беру – негізгі ұлт – қазақтарды тілдік кемсітушілік болып саналады.
Қазір Қазақстандағы орыс тілін білмейтін, шала білетін түпкілікті қазақтарға (көбінесе ауыл халқы) ресми саны ғана миллионнан аса қосылған оралман ағайындарымыздың басым бөлігін қоссаңыз, орыстілділердің санын он орап алады. Сонда Конституциядағы орыс тілі туралы 7-баптың 2-тармағы орыстардан үш еседей көп халықтың – негізгі ұлттың намысына тиіп, ширек ғасырдан астам тілдік кемсітушілікке, яғни мемлекеттік тілдік кемсітушіліке ұрындырып келеді.
Мемлекеттік қызметкерлеріміз мемлекеттік тілде сөйлеуі керек
Ал мемлекеттік қызметкерлердің көпшілігі мемлекеттік тілде ең болмаса, демалыс сұрап, арыз жазуға сауаттары жетпейтінін Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне төраға болған кезде Әлихан Бәйменов мәлімдеген болатын… Сонда мемлекеттік тілде нан сұрай алмайтындар мемлекет тағдырын шешетін мемлекеттік қызметтерде мемлекеттік тілге – мемлекеттік мүддеге қарсы қызмет етіп отыр… Қорқынышты емес пе, бұл бізге…
Мысалы, әкімдіктегі, министрліктегі, парламенттегі, ұлттық компаниядағы, т.б. мемлекеттік мекемедегі өзге ұлт өкілдерін айтпағанда, өз ана тілі мен мемлекеттік тілді білмейтін мемлекеттік қызметкерлер (парадокс емес пе), тіл басқармасы қызметкерлері қазақ тілінде қағаз апарса, түсінбейді де, „орыс тіліне аударып әкел” дейді. Оған „бұл мемлекеттік тіл” ғой десең, „бізде бәрі екі тілде ғой” деп, заңымыздың бейшаралығын алдыңа тартады. „Онда өзің аударып ал!”-десең, „мен мемлекеттік тілді білмеймін?”- деп, топастығына ұялмай, қайта мақтанғандай түр көрсетеді… Оған табанының бүрі бар санаулы қызметкер ғана: „ Сенің өз ана тіліңді, қазақ тілін –мемлекеттік тілді білмеуге, өкінішке орай, құқың болса, менің де айдаладағы шетел тілін, Ресейдің тілін білмеуге құқым бар. Ал менің мемлекеттік тілді білгенім үшін ғана маған неге артық азап, артық жұмыс – тегін аудармашылық жұмыс жүктелуі керек? Керек болса, ақша төлеп, өзің аудартып ал” деп айта алады… Ал 99 пайызы бір күрсініп алып, негізгі жұмысын жиып қойып, жыл бойы „аудармашылықпен” айналысады.
Ал барлық мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында алдымен орыс тілінде дайындап, содан соң оны мемлекеттік тілге аудару үшін қаншама тонна қағаз, қаншама аудармашы үшін осындай дағдарысты кезеңде қандай алапат қаржы шығындалатынымыз, ең бастысы қаншама уақыт кететінін – бұның бәрі жұмыс сапасына кері әсерін тигізетінін айту тағы бір өзекті мәселенің жүгі болады.
Президент әкімшілігінен бастап, Үкімет, Парламент төрағаларынан бастап, министрлер, әкімдерден, барлық басшылардан бастап, мемлекеттік қызметкерлер тек мемлекеттік тілде сөйлеу үшін бізге ешқандай тіл үшін жұмсалып жатқан миллиардттардың керегі жоқ! Тек қана Конституцияның 7-бабы 2-тармағын талып тастау керек!
Біріншіден, қыруар қаржы жұмсалса да, маңдымай жатқан (себебі қажеттілік жоқ) мемлекеттік тіл дамиды. Екіншіден, мемлекеттік тілді білетін қаншама қазақстандыққа жұмыс табылады. „Орысшаға аударып әкел” деп, омалып отыратындар орын босатады… Сонда Ресей тілінде сөйлеу, яғни Қазақ тілінде сөйлемеу деген сөз – қазақ тіліне, сол арқылы өз елінде қазаққа жұмыс бермеу деген сөз! Яғни, бұл ұлтқа жаулық емес пе? Сонда ұлтқа, яғни мемлекетке ең алдымен мемлекеттік тілді білмейтін шенеуніктер, министрлер, әкімдер, депутаттар, ұлттық компания жетекшілері, барлық басшылар жау деген сөз емес пе бұл! Көрнекті орыс жазушысы К.Паустовский : «Ана тілін білмеу – ұлтқа жасалған опасыздық» деп жазды сол кездің өзінде.
Ұлт Көшбасшысының парызы –
Ұлт Аманатын орындау
Тәуелсіздігіміздің 26 жылына қадам басқанда демократиялық өзгерістерді талап еткен Конституциялық реформа жасау тарихына тап болдық. Енді, осы жолы Елбасымыздың өзі демократиялық жаңаруды бастап жатқанда, демократиялық талап бойынша (азшылық көпшілікке бағынады) Мемлекетіміз Мемлекеттік тілін Конституцияға жеке дара статус беріп жазып алмаса, бұдан кейін қай заман, қандай кезеңге тап боламыз?!!
«Түркі халқы үшін Түн ұйықтамадым, Күндіз отырмадым…» деген Көк түрік қағандарындай Көк туымызды көкке өрлетіп, Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін бүгінгідей әлем таныған биік деңгейге жеткізген Тұңғыш Президентіміз –Ұлт көшбасшысы алдында тағы бір Ұлттық міндет, Ұлт аманаты тұр! Ол Ұлттың арманын орындау – Мемлекеттік тіл мәртебесін әперу болып табылады! Ұлт көшбасшысы Ұлт аманатын орындауды өзіне парыз деп санағанда ел де өзін елміз деп санайды!
Мемлекеттік тіліміз – Қазақ тілі Тәуелсіздігін енді алатын кезі жетті! Өйткені, 28 жыл бойы Қазақ тілі –мемлекеттік тіл деген аты болса да, Конституцияның орыс тілі туралы 7-бабының 2-тармағына Тәуелді болып келді.
Осы уақытқа дейін мемлекеттік тілді білуге мәжбүрлемеген Елбасыға өзге ұлт өкілдері алғысын айтып, енді қазақ тілінің Мемлекеттік тіл мәртебесін жеке дара иеленуіне өздері де қолдау жасауы тиіс! Бұл жолда Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Парламентіміз, қоғамдық-саяси күштер, зиялылар қауымы қайрат көрсетуі керек!
2015 жылы Елбасымыз тарихта тұңғыш рет Біріккен Ұлттар Ұйымында қазақша сөйлеп, бүкіл әлем президенттері алдында қазақ тілінде баяндама жасап, Қазақ хандығының 550 жылдығына керемет тарту жасаған еді.
«Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік Тіл болды. Бұл мәселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін, барлық жерде керек болуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек және осыған өзіміз атсалысуымыз қажет»,-деген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ тілі Мәңгілік дауға айналмай, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі болуы үшін, бұл Ұлт алдындағы қасиетті парызы мен міндетін өзгеге қалдырмай, Өзі орындауы керек! Ел Елбасыдан осыны күтіп келеді!
Өйткені, Кеңес Одағының құрамынан шықпаған Бодан кезімізде, қазақтардың саны республика халқының 39,7 пайызын құраған 1989 жылы қабылданған Тілдер туралы заң талабынан 28 жылдан соң, Бостан кезіміздің 26 жылында, 70-75 пайыз кезімізде шыға алмасақ, ешуақытта да шыға алмаймыз?!!
ХХ ғасырдың басындағы Алаш көсемдері «Оян, Қазақ!»-деп жар салғаннан бері бір ғасыр өтті. Биыл сол Алаштың 100 жылдығы! Тәуелсіздігімізге ширек ғасырдан асты! Енді Қашан Оянамыз? Елбасымыздың осы Демократиялық жаңаруға бастауын, Қазақтың ояна бастауына -– ұлттық жаңғыруға шақыру деп, ұлт мүддесін ұлықтаған ұлттық ұран деп қабылдайық!
Жоғарыда көтерілген мәселелерді саралай келе біз, Қазақстанның қоғамдық ұйымдары, зиялы қауым өкілдері осы Ашық хатымыз арқылы Конституциялық реформаға байланысты Президент Әкімшілігі жанындағы комиссияға ұсынысымызды мәлімдейміз:
– ҚР Конституциясының 7- бабының орыс тіліне байланысты 2-ші тармағы алынып тасталсын!
Қол қоюшылар:
Мәтінді толық оқыдым, қолдаймын және қолымнан бас тартпаймын:
Ә.НҰРПЕЙІСОВ, Қазақстанның халық жазушысы, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
Д.ИСАБЕКОВ, жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
А. ӘШІМОВ, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
Қ.ЖҰМӘДІЛОВ, Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
Т.ӘБДІКҰЛЫ, жазушы, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты;
А.АЙТАЛЫ, профессор, қоғам қайраткері;
Т.ШАРМАНОВ, Ұлттық ғылым Академиясының академигі,
К.ОРМАНТАЕВ, Ұлттық ғылым Академиясының академигі,
Ө.АЙТБАЕВ, Халықаралық Қазақ тілі қоғамының төрағасы, Ұлттық ғылым Академиясының академигі;
М.МЫРЗАХМЕТОВ, Ұлттық ғылым Академиясының академигі, Филология ғылымының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
Ғ.ҚАБЫШҰЛЫ, жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстанның құрметтi журналисi;
Н.НҮСІПЖАНОВ, Қазақстан Республикасының халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
С.ДОСАНОВ, жазушы, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты. Халықаралық М.Шолохов атындағы сыйлықтың лауреаты;
Ұ.ЕСДӘУЛЕТ, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КР Еңбек сіңірген қайраткері; ;
Е. РАУШАНОВ, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
М.ӨТКЕЛБАЕВ, математик, Ұлттық ғылым Академиясының академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
С.ЕЛУБАЙ, жазушы, қоғам қайраткері;
С.СМАТАЙ, жазушы, қоғам қайраткері;
Ж. ЕРМАН, ақын, КР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан айтыс ақындары одағы төрағасы;
А.ОСМАН, «Мемлекеттік тілге құрмет» бірлестігі төрайымы, Қазақстан Халқы Ассамблеясы мүшесі;
М.ҚОЙГЕЛДІ, тарих ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Қазақстан тарихшылары қауымдастығының төрағасы;
Д.КӨШІМ, «Ұлт тағдыры» бірлестігі төрағасы;
Қ.ИСА, ақын, «Қазақ үні» газеті президенті, Халықаралық С.Есенин атындағы сыйлық иегері;
И.САПАРБАЙ, ақын, «Тарлан-Платина» сыйлығы лауреаты,
С.ТҰРҒЫНБЕКОВ, ақын, КР Еңбек сіңірген қайраткері;
К.ӘМІРБЕК, ақын, КР Еңбегі сіңген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты;
Д.ЫСҚАҚ, филология ғылымы докторы, профессор, Халықаралық Ш.Айтматов академиясының академигі;
М.КЕМЕЛ, экономика ғылымы доқторы, профессор;
З.ҚАБЫЛДИНОВ, тарих ғылымы докторы, профессор
С.ЖҮСІП, «Алаш» ғылыми-зертеу институты директоры
Д.МӘСІМХАНҰЛЫ, ақын, филология ғылымы докторы, профессор;
Д.КЕНЖЕТАЙ, дінтанушы, философия және теология ғылымдарының докторы
Б.САРБАЛАҰЛЫ, сыншы, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты;
Ә.ҒАЛИ, саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы;
С.ҒАББАСОВ, жазушы, медицина және педагогика ғылымдарының докторы,КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі;
С.БАТЫРШАҰЛЫ, экономика ғылымдарының докторы, Еуразия Ұлттық университеті профессоры, Астана қалалық «Мемлекеттiк тiл» республикалық қоғамдық қозғалысының төрағасы;
Э.ТӨРЕХАНОВ, жазушы, Алматы қалалық «Қазақ тiлi» қоғамының төрағасы;
З.ЖАНДАРБЕК, ғалым, тарих ғылымының кандидаты;
Б.ӘЛІМЖАНҰЛЫ; ақын, жыршы-манасшы, КР Еңбек сіңірген қайраткері;;
К.МЫРЖЫҚБАЕВ, әнші, КР Еңбек сіңірген әртісі;
Ж.ЖҮЗБАЙ, күйші, КР Еңбек сіңірген қайраткері;
С.АҚСҰҢҚАРҰЛЫ, ақын,
Т.ӘБДІКӘКІМҰЛЫ, ақын;
Ғ.ЖАЙЛЫБАЙ, ақын, КР Еңбек сіңірген қайраткері;
Р. БЕЙСЕНБАЙТЕГІ, «Желтоқсан ақиқаты» бірлестігі Павлодар облыстық филиалы төрайымы;
А.САРЫМ, саясаттанушы;
Р.ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы;
С.МӘМБЕТӘЛИН, саясаткер;
М.ТОҚАШБАЕВ, «Президент және халық» газетiнiң бас редакторы;
Е.БӘПИ, «Дат» жобасының жетекшісі;
Қ.МҰҚАШ, «Қазақ үні» газетінің бас редакторы;
Е.АЙҒАЛИҰЛЫ, «Қазақстан-Заман» газетiнiң бас редакторы;
Д.ҚУАТ, «Абай.kz» ақпараттық порталының бас редакторы;
М.КЕНЖЕБАЙ, ақын, «Мәдениет» журналы бас редакторының орынбасары;
Е.ӘБІШ, әнші-продюссер, КР Еңбек сіңірген қайраткері;
Қ.ҚҰРМАНӘЛІ, композитор, шәмшітанушы;
Е.ШҮКІМАН, әнші, КР Еңбек сіңірген қайраткері;
Т. КӨПБАЕВ, ақын, «Қазығұрт» баспасының директоры;
К.ҚҰНЫПИЯҰЛЫ, ақын, «Ан-Арыс» баспасының бас редакторы;
Н.ӘБДІБЕК, ақын, журналист, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығы лауреаты;
Т.КЕҢЕСБАЕВ, жазушы;
Б.ҚАРАБЕК, ақын;
А.АХМЕТБЕКҰЛЫ, ақын;
Ж.СӘРСЕК, ақын, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты;
Ж.ӘШІМЖАН, ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты;
И.НҰРАХМЕТҰЛЫ, ақын, филология ғылымының кандидаты;
А.КӘРІПЖАН, ақын, Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты;
С.САПАРҒАЛИ, қоғам қайраткері;
Ө. АҚЖІГІТ, тәуелсіз журналист;
А.ТАСҚАРАҰЛЫ, «Қазақ үні.kz» ұлттық порталының бас редакторы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты;
Б.МӘКІМБАЙ, «Общественная позиция» газеті бас редакторы ;
Н.НҰРТАЙ, «Қамшы.кз» порталы директоры
Т.ТАҢЖАРЫҚ, ақын, «Қала мен дала» газеті бас редакторы;
Д.БЫҚАЙ, «Dalanews » сайтының бас редакторы;
Н.ӘБДІҒАНИҰЛЫ , «Абай.кз» редакторы
Ш.ТАЛАП, «Ұлт.кз» порталы бас редакторы;
Е.КӨБЕНҰЛЫ, «Гу-Гу.кз» порталы бас редакторы;
Ж.АШУҰЛЫ, Республиаклық саяси қуғын-сүргiнге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы;
Б.СӘДУҰЛЫ, «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы;
Г.ЖҮНІС, «Желтоқсан -86-Тәуелсіздік қырандары» халық қаһармандары» қозғалысы төрайымы;
Қ.ҒАБДОЛЛА, «Қазақ елі » қоғамдық қозғалысының төрағасы;
Ғ.ЖАКЕЙ, «Ұлы дала» қоғамдық бірлестігі төрағасы;
М.АБАҒАН, «Кенесары хан» қоғамдық қоры төрағасы;
М.БӨТЕЕВ, «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының төрағасы;
А.ФАЗЫЛОВ, азаматтық белсенді, Қарағанды қаласы.
М.ЕРІМБЕТОВ, ақын, «Мырзашөл» журналының бас редакторы
Е.РАҚЫШЕВ, режиссер;
Ж.КЕНЕБАЙ, «Таным» пiкiрсайыс клубының жетекшiсi;
Д. ЕЛДЕСОВ, «Қазақ үні» газеті орыс редакциясы жетекшісі;
Б.ОСПАН, журналист, мәдениеттанушы
Г. ҚЫСТАУБАЕВ, ұлт патриоты;
Ж.ШӘМШІ, журналист, тарих ғылымы кандидаты;
Б.ТОБАЯҚОВ, ақын, ғалым, Ә.Бөкейхан атындағы сыйлықтың лауреаты;
Т.ЕШЕНҰЛЫ, ақын;
Б.АЛДИЯР, ақын, Республикалық мүшәйраның бас жүлдегері,
Б.СӘРСЕН, ақын, Республикалық мүшәйраның жүлдегері
Ж.МӘКІШ, журналист;
С.ЕРҒАЛИ, журналист;
Е.ТОҚТАРБАЙ, журналист;
Е.СЕРІКБАЙҰЛЫ, жазушы;
Б.СМАҒҰЛ, журналист
Г.ИМАНБАЕВА, «Жұлдыздар құпиясы» журналы шеф-редакторы;
М.АЛМАСБЕКҰЛЫ, жазушы;
С.ЖОЛДАСБАЙ, журналист;
Т.ЖАНЫСБАЙ, саясаттанушы;
Ф.ӘБСАТТАРҰЛЫ, кәсіпкер, «Арландар» ФК президенті;
Ж. ИСА, заңгер, тіл күрескері;
М. БАЛҚЫБАЕВ, қоғам белсендісі, тіл күрескері;
Ә.АЙДАРОВ, әнші-термеші, Халықаралық термешілер конкурсы байқауының лауреаты;
З.АБАЖАН, журналист;
Г.САДЫҚ, журналист;
Н. АСАН, журналист;
М.ҚҰЛМЕНТЕГІ, темір ұстасы;
А.ҚҰЛМЕНТЕГІ, темір ұстасы;
М. ЖАҚАУ, саясаттанушы;
Д.СЫҒАЙ, тарихшы
Ашық хатқа 115 адам қол қойды. Қол қою әлі де жалғасуда.
Жұлдызай Назарқызы Форт (Жұмаділдаева) Связаться с автором петиции
Объявление от администратора этого сайтаМы закрыли эту петицию и удалили личные данные подписавших.Общий регламент Европейского Союза о защите данных (GDPR) требует наличия законного основания для хранения персональной информации и чтобы информация хранилась в течение минимально возможного срока. |