Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл туралы» заңының жобасы


Гость

#1

2011-11-02 07:13

Мемлекеттік тіл жобасы жақсы жазылған екен.

Гость

#2

2011-11-02 11:00

Қазақстан Республикасының, яғни, Қазақ Елінің мемлекеттік тілі
Қазақ тілі.
Қазақстан Республикасының, яғни, Қазақ Елінің мемлекеттік тілі Қазақ тілі. Бірақ, мемлекеттік ісқағаздар, банк, ақша аудару, әр түрлі қызыметтер, жеке, қоғамдық ұйымдар, жиналыстар әлі орыс тілінде. Үкіметтен тексеріске келген бастықтардың көбі қазақ тілін білмек түгілі, қазақша түсінбейді. Астана, Алматы т.б. Қазақ Елінің қалаларына барсаңыз Орыс Елінде жүргендей күй кешесің.
Жаман үйді қонағы билейді деген осы.
Неге деген сұрақ туындайды? Бәрі Ел басының, Үкімет басшысының мемлекеттік тілге мән бермеуінде.
Не істеу керек? Ел басы өз құзырындағы басшыларды тағайындағанда:
1.Ол адамның қазақ тілін, қазақ елін, қазақ тарихын, қазақ салт-дәстүрін, қазақ өнерін, қазақ мәдениетін білетініне қарап жұмысқа алғаны дұрыс,
2.Үкімет басшысын т.б. тағайындағанда оларда өз құзырындағы басшыларды қазақ тілін білетіндерден алу жөнінде қатаң тапсырма беруі керек,
3.Ел басы қазақ тілін қорғау мақсатында өз бұйырықтарының, Заңның орындалысын қадағалайтын, тәртіпке шақыратын министірлік құрғаны жөн.
4.Шет елден көшіп келген қазақ қандастарымызды білімдеріне қарай мемлекеттік жұмыстарға алу,
5.Қазақ аудан, ауылданында әкімшілік, мемлекеттік мекемелерде, жеке кәсіпкерлерді, қожалықтардың төрағаларын 5 жылдан жоғары жақсы жұмыс жасағандарды облыстық, Республикалық жұмыстарға шақыру,
6.Орыс мектеп, балабақшаларын жабу, балабақшалар тек қазақ тілінде болғаны дұрыс, мектепте қазіргі оқып жүргендер бітіруіне мүмкіндік беріп, жаппай 1-ші кластан бастап қазақ тілінде оқытуды қолға алу,
7.Шет тілдерін оқытуды ата-аналарды, балалардың қалауы мен мүмкіндігіне қарай оқыту,
8.Осы уақытқа дейін 20 жылда қазақ тілін білмейтін, қазақ тілін менсінбейтін, қазақ тілін білгісі келмейтін барлық деңгейдегі мемлекеттік, қоғамдық, кәсіподақтық, жеке, қожалық, шет елден келген басшылар мен мамандарға Қазақстан Республикасының, яғни, Қазақ Елінің мемлекеттік тілі Қазақ тілін білуді міндеттеп тағы 10 жыл емес, деңгейлеріне қарай 10 күннен 10 айға дейін уақыт беріп қатаң ескерту қажет.

Ақтөбе қаласы, дәрігер Нұрлан Ізденұлы.

Гость

#3

2011-11-06 14:08

ия, мемлекеттик тил тек казак тили болуы керек.
Айгуль Кохаева

#4 Айгуль Кохаева

2011-11-07 16:29

Қазақ тілін қорғау мәселесі қазақтарды біріктіру қажет. Тек қазақтар белсендік танытып оны қорғай алады. Егерде қазақ тілі біздің тәуелсіздігімізді қорғай алмаса, онда кінә тек қазақтар мойынында болады. Орсытар бүгін қазақ тіліне кедергі жасағысы келеді. Ал қазақтар олардың алдында бұғылып, көніп берсе, олардың 70% болғанынан не пайда?!

Гость

#5

2011-11-07 19:59

Өзім сыйлайтын, мүйізі қарағайдай академик Оразалы Сәбден ағам қол қойыпты. Мен де қол қоям. Қол қоймағандар ЛОХ! Осы сөзіме жауап берем. Тел: +7 701 367 21 10. тәуелсіз журналист Айдос Жұқанұлы.
Расул Шыбынтай
Гость

#6 Мое мнение

2011-11-08 06:16

Это такое же уважение к казахскому языку в Казахстане, как к английскому в Великобритании, японскому в Японии и русскому в России.


Гость

#7

2011-11-08 06:56

pf xtv

Гость

#8

2011-11-08 06:59

ну че сказать казахстан вперед)

Гость

#9

2011-11-08 07:01

Қазақстандағы қазақтар,сырт елдердегі қазақтардан үлгі алайық.Ресейдегі,Түркиядағы және Монғолиядағы қазақтар қол қойып жатыр осы петицияға.

Гость

#10

2011-11-08 07:20

Мемлекеттің тілін сыйламайтындар Қазақстан азаматтығынан шықсын!

Гость

#11

2011-11-08 07:53

Казакстанда бiр гана мемлекеттiк тiл болуга тиic. Ол - казак тiлi! немic, агылшын, орыс, т.б. шет тiлдерiн уйренем деушiлерге еш кедергi жок.

Гость

#12

2011-11-08 08:13

Қазақстан унитарлы мемлекет. Мемлекеттік те, ресми де Тіл жалғыз болуы қажет қолданыста. Ұлтаралық қатынас Тілін таңдап алуға болады, орыс немесе ағылшын Тілдері бола берсін, ал Мемлекеттік Тіл - Қазақ Тілі болуы қажет, осы Тіл аясында барлық мемлекеттік орындар жұмыстарын атқару қажет.

Гость

#13

2011-11-08 08:42

Напистаь комментарий... Жаль что мой СониЕрикссон не поддерживает казахский язык! Все дело в том что казахский не развит и не развивается на должном уровне!

Гость

#14

2011-11-08 08:59

қазақ тілінде ғана сөйлесе гой,құрыганда казақтар

Гость

#15

2011-11-08 11:36

Толық қолдаймын

Гость

#16

2011-11-08 12:14

Оте дурыс!!!!!!!

Гость

#17

2011-11-08 13:32

Казах тілін қолдамаған қазақтарды жер жұтсын!!!

Гость

#18

2011-11-08 13:36

ұят-ай 11 миилион қазақ тұратын Қазақстанннан 54 ақ қол жинай алдық па,оның да бірнешеуі сырт елдегі қазақтардың қолдары.Намыс қайда ҚАЗАҚТАР?

Гость

#19

2011-11-08 13:52

55 адам болса да басқа петицияларға қарағанда нақты жанашырлар қол қойған құжат болып есептеледі.

Гость

#20

2011-11-08 16:26

Осыдан бір натиже шықса екен, Иншалла!

Гость

#21

2011-11-08 19:37

Қазақ болып туған соң,қазақ болу міндетің.

Гость

#22

2011-11-09 06:12

Құрметті ақынымыз Қадыр Мырзалиев:
Ана тілің – арың бұл
Ұлтың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте – деген тұжырымы бұл.
Бұл барлығымызға қойылатын талап.

Гость

#23

2011-11-09 06:18

ТУҒАН ТІЛІМ
Көңілімді толқытып бір алайын,
Қанат қақпай, қалай ғана қалайын.
Тілім үшін керек болса бас қию
Мен ақырғы құрбандығың болайын.

Азаматтың алғаш таңы атқанда,
Бесігінен белі шықпай жатқанда.
Туған тілдің қамын жеген Қаршыға
Мағжандарың кетті түсіп қақпанға.

Өз тіліңмен айтамын деп мұңыңды,
Өз тіліңмен жұбатам деп ұлыңды.
Таяқ жедің талайлардың қолынан
Талайлардың сақал-шашы жұлынды.

Оған бола өкінбеймін бірақ та,
Өкінемін орыс тілді қазаққа.
Бір күндері түсінерсің мұңымды
Өз тіліңді қорлатпашы мазаққа.

Бейбіт күнде от боп лаулап жанайын,
Мұз жүрекке нәр боп әркез тамайын.
Тілін сүйген нағыз қазақ ел болсақ
Туған тілде талай жырды жазармын

Ана тілім сенен артық тіл бар ма?
Өмір өзі жетелейді шыңдарға
Қасиетті болмасаң туған тілім
Абай, Мағжан, Мұқағали жырлар ма?

Гость

#24

2011-11-09 06:23

«ТІЛ»
Тілім неге өзгелерге қорланады,
Өзгелер қазақ тілін үйренуге зорланады,
Өзгелерді айтпай-ақ өз қазағым
Өз тілін үйренуден арланады.

Я, Алла, қуат берші!
Тіл деп көзден жас аққанда,
Кейбір малғұн өз тілін
Өзге қылып жасатқанда.
Қалайша жас ақпайды екі көзден
Көрсетсе осындай зұлымдықты жаратқанда!

Қайран тілім қор болдың ба өз еліңде,
Алтын таққа ие болмай, жүрсің бе өз жеріңде
Мұның қалай! Ей, қазақ! Мұның қалай!
Өз тіліңде сөйлемейсің өз жеріңде!

Гость

#25

2011-11-09 06:35

Қазақ тілін жете оқытуды мектептен бастау керек. Сонда қазіргі ересектерге мемлекеттік тілді үйретудің қажеті де болмайды.