Президентті Аралға ЭКОМАРАФОН -2022 экологиялық акциясына қатысуға шақыру

                                                                             Қазақстан Республикасының

                                                                             Президенті Қ.К.Тоқаевқа


Құрметті ҚАСЫМЖОМАРТ  КЕМЕЛҰЛЫ!


           Сізді еліміздің Президенті, азаматтық құқығымыздың кепілі ретінде Арал қаласында 15 мамыр 2022 жылы өткізілетін «Аралға су келе ме?» - деп аталған халықаралық экологиялық акция «ЭКОМАРАФОН-АРАЛ 2022» қорытынды жиынына қатысуға шақырамыз.

         Сіздің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік қиындық құрсауында қалып, жетім баланың күйін кешіп отырған туған жеріміздің тағдырына назар аударатыныңызға сенеміз.

          Әлемдік проблема Аралға қатысты экологиялық акциямызды қолдайды, қатысады және жеке бақылауына алады деп сенеміз.

          Акция өткізуде халықаралық экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пакт. БҰҰ, Нью-Йорк, 16.12.1966. Жасыл экономика –ЭКСПО-2017 шараларын басшылыққа алып отырмыз.

Күн тәртібінде шешуін табуды сұрайтын мәселелер:


1) Солтүстік (Кіші) Аралды сақтау, Сырдария арнасын реттеу (САРАТС-2), Көкарал бөгеті, мемлекеттермен трансшекаралық су пайдалану (Су конвенциясы (Хельсинки,1992), Нева халықаралық экологиялық конгресі (Санкт- Петербург, 28.05.2021), «Байтақ-Тұран» халықаралық экологиялық конгресі (Алматы, 29.09.2021);


2) Жерасты суларын Кіші Сарышығанаққа құю (құбыр), кіші Сарышығанаққа шлам төгіп, екінші экологиялық апат әкелуші (қытайлық химзауыт) кальцилендірілген сода зауытын салдырмау (Рамсар конвенциясы,1987; ҚР Экологиялық кодексі);


3) Қара теңізден Аралға құбырмен су тарту (Түрік мемлекеттерінің саммиті-2021, Тұран әлемі-2040); Сібір өзендерінен Кіші Аралға су тарту және ішкі су көздерін ысырапсыз пайдаланып, Сырдарияға-Аралға құю (Алатау шатқалдары, Шу, Талас, Өгем өзендері, қар-жауын сулары);


4) Жасанды жаңбыр жаудыру (Маңғыстау облысы, БАЭ, Ресей тәжірибелері негізінде);


5) Арал өңірін он жылға Еркін экономикалық аймақ деп жариялау (Арал өңірі экологиялық инновациялар мен технология аймағы. БҰҰ, 18.05.2021);


6) Арал экологиялық апат аймағы, Сырдария суын реттеу мәселелері бойынша Қызылорда облысында Арал-Сырдария су бассейндік мәселелері бойынша ҚР Президентінің арнайы ӨКІЛІ қызметін тағайындауды сұрау;


7) Бейнеу- Бозой- Батыс Қазақстан – Батыс Европа трассасына дейінгі жол төте, Сексеуіл арқылы салынуын талап ету;


8) Байқоңыр ғарыш айлағы мәселесі;


9) Арал апат аймағы туралы заңды қайта қарау, экологиялық көмекті барлық апат аймағы тұрғындарына төлеу;


10) Басқа да ұйымдастыру мәселелері.

Мақсаты:
- Арал теңізі қасіреті және Арал теңізі бассейні бойы тұрғындарының әлеуметтік, экономикалық, экологиялық мәселелеріне үкіметтің, әлем халықтарының назарын аудару;
-Мемлекетттің алдағы он жылға Арал өңірін экологиялық сауықтандыру туралы ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН қабылдауына, тиісті заңдар қабылдауына, Арал апат аймағы туралы заңды қайта қарауға қол жеткізу.

Өтетін орны: Қазақстан, Арал қаласы, Қызылорда облысы
Мерзімі: 15.05.2022 ж.
Байланыс түрі: эл.пошта:
KolBai231054@mail.ru
тел:87016073770
«Тұран ойпаты-Арал теңізі» ҚБ
Президенті К. Данабай


"Тұран ойпаты Арал теңізі" ҚБ. KolBai231054@mail.ru Колбай Данабай    Связаться с автором петиции

Подписать петицию

Подписываясь, я соглашаюсь с тем, что "Тұран ойпаты Арал теңізі" ҚБ. KolBai231054@mail.ru Колбай Данабай сможет видеть всю информацию, которую я предоставлю в этой форме.

Мы не будем показывать ваш адрес электронной почты публично онлайн.

Мы не будем показывать ваш адрес электронной почты публично онлайн.


«Я даю согласие на обработку информации, предоставленной мной в этой форме, для следующих целей:»