КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУДЫҢ ЖАРИЯЛАНУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ҮНДЕУІ
Құрметті отандастар!
Сонымен, біз бұдан бұрын болжағандай, Қазақстанда кезекті рет кезектен тыс президенттік сайлау жарияланды. Бұл сайлаудың заңды (легитимді) мәселесі бөлек сөз, ал қазір бізге Ақорда билігі жариялаған сайлауға қатысты өз пікірімізді шұғыл түрде жеткізу бәрінен маңызды болып тұр.
Бұдан 30 жыл бұрын, біз тәуелсіздік тізгінін қолға алған сәтте, барлығымызға бақыт сыйлап, бүкіл халыққа жайлы үй болатын дамыған әрі гүлденген мемлекет құруды армандадық.
Ол арманды іске асыру үшін, бізде барлық жағдай бар еді. Білімді әрі еңбекқор халық, қойнауы қазба байлықтарына толы жер, Кеңестер одағынан мұраға қалған өндіріс болды. Бүгінгідей 159 миллиарды сыртқы қарыз (ҚазТАГ – 06.04.2019ж.) болмады. Бізге жаңа нарықтық қатынаста мемлекет құру мен оны басқарудың тәжірибесі ғана жетіспеді. Өркениетті әлем сияқты жаңа демократиялық қоғам құру керек болды. Алайда Қазақстан билігін иемденген ошарлы топ кеңестік жүйенің авторитарлық кейпін сақтап қана қалған жоқ, оны архаикалық негіздегі авторитарлық деңгейдегі сатыға түсірді.
Қазір біз өмір сүретін посткеңестік жүйе құлдырап, бар болмысын тауысып, керітартпа және біліксіз биліктің кесірінен мемлекетіміз банкрот болудың алдында тұр. Қоғамның қазіргі үлгісін, биліктің бүгінгі жүйесін сақтаған кезде, біздің балаларымызда ешқандай жарқын болашақ болмайды. Биліктің жоғарғы эшалоны халықтың тұрмыстық-әлеуметтік мәселесімен, елдің экономикасын дамытумен емес, халықтың қазынасы мен несібесінен ұрлаған байлығын сақтауды ойлап, бас қатыруда. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін, билікті басып алған (узурпациялаған) топ Қазақстан заңдарын ашық түрде бұзып, өздеріне ғана қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, өздерінің қауіпсіздігі үшін бірнеше мәрте түзетілген Конституцияны аяқасты етті.
Жақында ғана орын алған антиконституциялық қойылымдағы президенттің ауысуы, биліктің басты құзіретін екі адамның ымыраласуымен бөлісу, мемлекет астанасының атауы мен қалалардағы басты көшелердің атауын өзгерту барысында, бұл ошарлы топ халықты биліктің қайнар көзі мен саяси субъектісі ретінде қабылдамайтынын көрсетті. Бұл сияқты қитұрқы, лас саясаттың астарында бізбен – халықпен санаспай, оның азаматтық ерік-жігерін есепке алмай, мемлекеттік жоғарғы билікке бір әулеттен шыққан мұрагерді отырғызу қаупі бар. Біз өзіміздің сүйікті Қазақстанды әулеттік-династиялық жүйеге де, қуыршақ президенттің күмәнді билігіне қор қыла алмаймыз!
Біз монархия емеспіз, республикамыздың шешуші саяси таңдауы тек қана халықта болуы тиіс! Және ол таңдауға ешқандай қиянат жасалмауы, алдап-арбау, алдағы сайлаудың шынайы қорытындысын бұрмалау болмауы керек! Қазақстанның уақытша президенті Қасым-жомарт Тоқаев өзінің сайлау жариялау жөніндегі мәлімдемесінде айтқандай, алда болатын саяси электоралды кампания адал, таза және халықтың қалауы мен ерік-жігеріне сай өтуі тиіс!
Біздің халқымыз бейбітсүйгіш, ақкөңіл және төзімді, революциялар мен қанды қақтығыстарды қаламайды. Алайда халық пен қоғамның төзімділігі шексіз емес. Біздің халқымыз бұған дейін қаншама қитұрқылықпен жасалса да, қабылданған заңды сыйлайды және демократиялық мүдделерге қайшы болса да, сол заңның талаптарын ұстануға тырысып келді. Бірақ бұдан былай еліміздің мүддесі мен келер болашаққа нұқсан келтіретін, жеке бір әлеуметтік және олигархиялық топтардың ықпалындағы заңдардың үстемдігіне жол бере алмаймыз!
Бүгінде біз Тәуелсіздік жылдары шын мәнінде гүлденген демократиялық қоғам құрып, өз елінің патриот ұрпағын тәрбиелеп, білікті мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіби басқарушыларды дайындап шығуға толық мүмкіндіктер болды. Алайда осы игілікті істі атқарудың орнына, барлық материалдық және әкімшілік ресурстар 18 миллион тұрғынның мүддесін ысырып қойып, бір адамның билігін күшейту үшін жұмсалып келді. Жылдар бойы қалыптасқан осы қасаң жүйені өзгерту оңай болмайды, алайда біздің алдымызда басқа жол жоқ.
Өз кезегінде халық мемлекеттік билікті өз қалауларына қарай бұрмалайтын, принципсіз және сұғанақтар мен олардың жағымпаздарына беріп қоймай, мемлекет үшін жауапкершілікті өз мойнына алуы міндетті. Халықтың мемлекетті басқаруға қатысуынсыз, бабаларымыз ту еткен халықтық-демократиялық құндылықтарды мемлекетті басқару жүйесіне енгізбей, ешқандай да жаңару (модернизация) мен жақсару болмайды. Бұл міндетті 9-маусымда өтетін президенттік сайлауға дайындық барысында да, одан кейін іле-шала жүзеге асыра аламыз. Алайда ол үшін біз бір жұдырықтай жұмылып, өз дауысымыз бен саяси-азаматтық еркіміздің, азат таңдауымыздың дауысы қоғамда толық естілетіндей талап қоя білуіміз керек!
Қазақстан тарихында бірде-бір рет әділетті, халық қорытындысын толық қабылдаған, халықаралық қауымдастықтар тазалығын мойындалған сайлау болған емес. Конституцияға ел-жұрттың еркінен тыс түзетулер енгізіліп, «Сайлау туралы Заңның» кандидаттарды еркін ұсыну туралы талаптары мансұқ етіліп, билік азаматтық қоғам мүшелерінің жолын жауып, сайлау процесін бақылау мүмкіндігінен айырып, БАҚ-тағы цензураны күшейтіп, халықтың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндіктерін толық жауып тастады. Кемінде бес жыл мемлекеттік қызмет өтілі (стажы) жоқ азаматтарға тыйым салу арқылы билік азаматтардың сайлау және сайлану құқығын өрескел бұзды, қоғамда әлеуметтік-саяси және азаматтық теңсіздік орнатты.
Осы ретте біз – азаматтық қоғам, халыққа адал қызмет ете алатын, өмірбаяны кіршіксіз, қоғамды біріктіруге мүмкіндігі зор, елдің ертеңі үшін жауапкершілікті мойынына ала алатын азаматты президенттікке үміткер ретінде ұсына алатынымызға сенімдіміз. Және сайлау заңдылықтары ол үміткер үшін соншалықты кереғар болса да, биліктің сайлаудағы қойылымына халықтық қарсылық таныту үшін, бұл сайлауға азаматтық қоғам өз өкілін (тіпті бірнешеу болуы мүмкін) ұсынуға міндетті деп білеміз.
Біздің арамызда билікке ашық қарсы шығып жүрген экс-премьер-министр, министрлер, әкімдер, табысты кәсіпкерлер мен басқарушылар, дипломаттар, экономистер, журналистер мен құқық қорғаушылар, барлық аймақтардан және барлық сала мамандары бар. Біз бұлардан кәсіби үкімет құрып, дереу арада елді дағдарыстан шығарып, халықтың жағдайын жақсартуға барымызды салуға дайынбыз. Халық көз алдында тоналған елді, тереңге бойлаған жемқорлықты, аз ғана шенеуніктер тобының қисапсыз баюын көре отырып, өтірік көзбояушылық пен кедейшіліктен, қисапсыз уәделерден жалықты.
Сайлауға қатысу мен жеңу үшін, біздің қолымызда барлық қажеттіліктер – саяси партиялар (ЖСДП мен «Азат»), қоғамдық және кәсіподақтық бірлестіктер, кәсіби саясаткерлер мен белсенділер, ең бастысы ондаған жылдар бойы өзгерісті күтіп, қалжыраған халықтың ертеңіне бей-жай қарамайтын азаматтар бар. Бізге бар керегі – өзара түсініспеушіліктерді қойып, жеке амбициялар мен сенімсіздікті, қорқыныш пен үрейді сырып тастап, президенттік сайлау алдында халықтық блокқа бірігу қажет. Барлығымыз қоғамды біріктірудің бұл тарихи мүмкіндігін жіберіп алсақ, Қазақстанның болашағы бұрынғыдан да тұманды болатынын түсінуге тиіспіз.
Нұрсұлтан Назарбаевтың 30 жылға жуық билігі мен оның мұрагерінің билік етуі мемлекеттің толықтай құлдырап, тәуелсіздіктен айырылып, азаматтық соғысға ұласуымен бітуі әбден мүмкін. Біз мұндай қайғылы және аянышты сценарийге жол бермеуіміз керек! Билікті қантөгіссіз сайлау арқылы өзгерту мүмкіндігі бар сәтте, оны мейілінше пайдалану керек. Ондай болмаған дағдайда, болашақта династиялық биліктің құлы болған біздің балаларымызға шын мәнәндегі күреске шығыға тура келетінін болжауға тура келеді. Ол күрес елдің шынайы тәуелсіздігі мен халықтың нақты мәндегі бостандығы үшін қажет болатынын біз бүгін түйсінуіміз керек.
Біз елдегі барлық демократиялық, азаматтық күштерді, тәуелсіз партиялар мен қозғалыстарды мемлекеттік мүдде үшін, сайлауда жеңіске жету үшін күш біріктіруге шақырамыз! Қазір жекелеген идеологиялық және әлеуметтік сұрақтар бойынша бөлініп, кімнің оппозициялық позициясы мықты екенін дәлелдейтін уақыт емес. Біздің басты міндетіміз – бірлесе отырып, Қазақстанда демократиялық негіздегі сайлауды өткізу және соның нәтижесінде қазіргі билікті ауыстырып, жуық жылдары парламенттік мемлекетті құру. Ол үшін біз таяу болашақта Жаңа Қазақстанның Жаңа Конституциясын бірге жазып, қарапайым тұлғалардың мүддесі тұрғысынан әділетті заңдар қабылдап, жемқорлықты түбірімен жойып, болашақ ұрпақтың несібесіне ұрланған байлықты халықтың қолына қайтарып беруіміз керек!
Келіңіздер, біз бірлесе отырып, жаңа саяси форматтағы әділетті Қазақстан құрайық!
Мына азаматтарға қол қоюға ұсынылады:
С.Әбділдин
Ғ.Алдамжаров – қол қойды
Б.Тұрсымбаев – қол қойды
Ж.Тұяқбай – қол қойды
М.Шаханов
Т.Жүкеев
С.Құттықадам
Ғ.Қабышев
Т.Медетбек
Е.Жовтис
Ғ.Жақиянов
А.Қажыгелдин – қол қойды
Т.Әубәкіров
М.Әуезов
Д.Көшім – қол қойды
Р.Сарсенбай
А.Тоғысов
У.Қайсаров – қол қойды
З.Батталова
С.Дуванов
Г.Ерғалиева
Е.Бапи – қол қойды
С.Медетбеков – қол қойды
М.Аспандиярова
• Өтінішке қол қойыңыз
Форум Жана Казахстан Связаться с автором петиции
Объявление от администратора этого сайтаМы закрыли эту петицию и удалили личные данные подписавших.Общий регламент Европейского Союза о защите данных (GDPR) требует наличия законного основания для хранения персональной информации и чтобы информация хранилась в течение минимально возможного срока. |