Өндіруші мен тұтынушы арасындағы делдал мекемелер алынып тасталсын.

ҚР Президенті Қ.К.ТОҚАЕВҚА

Біз, Маңғыстау облысының тұрғындары, осы петиция арқылы
су және жарық тасымалымен айналысатын, қағаз- қаламнан басқа құралы жоқ, ақша жинаудан басқа жұмысы жоқ "Маңғыстау Жарық" және "ҚазСуШар" сияқты делдал мекемелердің
делдалдық жұмыстары тоқтатылып,
2004 жылы 9 шілдеде қабылданған электр энергетикасы туралы заңның
25-бабы алынып тасталуын талап етеміз. Іргелес жатқан Атырау, Ақтөбе облыстарында тоқ квт 6-7 теңге. Біздің Маңғыстау облысында тоқ квт 17-19 теңге, тарифтың жоғары болу себебі, пайдаланудан ажыратылған атом реакторын суытып сақтап тұру үшін ақша халықтан жиналады екен. Осы жағдайлардың нақты тексерілуін сұраймыз. Барлық сала бойынша делдал мекемелер алынып, өндіруші мен тұтынушы тікелей жұмыс жасау бағытын қабылдау халық үшін тиімді. Өндірушінің тұтынушыға делдал арқылы қызмет көрсетуі заң бойынша халықаралық тәжірибеге сай қабылданғанмен, қазіргі халық жағдайы халықаралық дәрежеге сай емес. Барлық заң халықтың әл-ауқаты жақсарту үшін қызмет етуі керек. Қазіргі қымбатшылық, жұмыссыздық жайлаған қиын заманда делдал мекемелердің үстемелеп тарифтерді көтеруі халықты қанау деп түсінеміз.
Барлық салада халықты қанап келе жатқан делдал мекемелердің жұмысы тоқтатылуын сұраймыз!


Жумагазина Сырғалай    Связаться с автором петиции

Подписать петицию

Подписываясь, я соглашаюсь с тем, что Жумагазина Сырғалай сможет видеть всю информацию, которую я предоставлю в этой форме.

Мы не будем показывать ваш адрес электронной почты публично онлайн.

Мы не будем показывать ваш адрес электронной почты публично онлайн.


«Я даю согласие на обработку информации, предоставленной мной в этой форме, для следующих целей:»