Өтініш диплом алу рәсімінің бас корпуста өтілуі жайында
ҚазХҚжӘТУ Аударма және филология факультетінің деканы Мизамхан Бағланға 4 курс студенттерінен өтініш-тілек
Құрметті Мизамхан Бағлан
Біз Аударма және филология факультетінің 4 курс студенттері диплом алу рәсімін бас оқу ғимаратының қызыл акт залында өтуін талап етеміз. Біз диплом алу рәсімінің сыртта өтуіне қарсы болу себебіміз баршылық: 1)1-3 курс аралығында бас оқу ғимаратында оқығандықтан,басқа факультет студенттерінің қатарынан қалмай Бас оқу ғимаратында өткенін қалаймыз. 2)Орыс тобы мен қазақ тобын қосқанда 100+ студенттер, онымен қатар университетіміздің мұғалімдері және қонақтар болады. Әр студентке кемінде отбасы тарапынан 2-4 адам келеді. Біздің есік алдының жер көлеміне логикалық түрде қарасақ мүлдем сыймайды. 3) Біз Толе би мен Наурызбай батыр көшесінде орналасқандықтан , көліктер мен жаяу жургіншілерге кедергі келтіреміз, сәйкесінше диплом алу рәсімінің көшенің қақ ортасында болғанын қаламаймыз! 4) Кез келген университетіміздің түлегі диплом алу рәсімін бас корпуста(Муратбаева 200)өткенін қалайды, басқа студенттер секілді барлық нормаға сай жерде өткенін талап етеміз! 5)Осыған дейінгі,біздің алдымызда бітірген түлектер де диплом алу рәсімін бас корпуста алып,бізге келгенде бұл нормалардың өзгеруіне түбегейлі қарсымыз! 6)Шілде айында болғандықтан,күннің астында тұру студенттер және келетін ата-аналар үшін қиындық тудырады.Қатарымызда денсаулығы көтере алмайтын және сәбилері бар студенттер бар. Біздің өтінішіміз қаралып, қабыл ететіндеріңізге үмітіміз үлкен!
Аударма және филология факультетінің 4 курс студенттері Связаться с автором петиции