Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл туралы» заңының жобасы


Гость

/ #2

2011-11-02 11:00

Қазақстан Республикасының, яғни, Қазақ Елінің мемлекеттік тілі
Қазақ тілі.
Қазақстан Республикасының, яғни, Қазақ Елінің мемлекеттік тілі Қазақ тілі. Бірақ, мемлекеттік ісқағаздар, банк, ақша аудару, әр түрлі қызыметтер, жеке, қоғамдық ұйымдар, жиналыстар әлі орыс тілінде. Үкіметтен тексеріске келген бастықтардың көбі қазақ тілін білмек түгілі, қазақша түсінбейді. Астана, Алматы т.б. Қазақ Елінің қалаларына барсаңыз Орыс Елінде жүргендей күй кешесің.
Жаман үйді қонағы билейді деген осы.
Неге деген сұрақ туындайды? Бәрі Ел басының, Үкімет басшысының мемлекеттік тілге мән бермеуінде.
Не істеу керек? Ел басы өз құзырындағы басшыларды тағайындағанда:
1.Ол адамның қазақ тілін, қазақ елін, қазақ тарихын, қазақ салт-дәстүрін, қазақ өнерін, қазақ мәдениетін білетініне қарап жұмысқа алғаны дұрыс,
2.Үкімет басшысын т.б. тағайындағанда оларда өз құзырындағы басшыларды қазақ тілін білетіндерден алу жөнінде қатаң тапсырма беруі керек,
3.Ел басы қазақ тілін қорғау мақсатында өз бұйырықтарының, Заңның орындалысын қадағалайтын, тәртіпке шақыратын министірлік құрғаны жөн.
4.Шет елден көшіп келген қазақ қандастарымызды білімдеріне қарай мемлекеттік жұмыстарға алу,
5.Қазақ аудан, ауылданында әкімшілік, мемлекеттік мекемелерде, жеке кәсіпкерлерді, қожалықтардың төрағаларын 5 жылдан жоғары жақсы жұмыс жасағандарды облыстық, Республикалық жұмыстарға шақыру,
6.Орыс мектеп, балабақшаларын жабу, балабақшалар тек қазақ тілінде болғаны дұрыс, мектепте қазіргі оқып жүргендер бітіруіне мүмкіндік беріп, жаппай 1-ші кластан бастап қазақ тілінде оқытуды қолға алу,
7.Шет тілдерін оқытуды ата-аналарды, балалардың қалауы мен мүмкіндігіне қарай оқыту,
8.Осы уақытқа дейін 20 жылда қазақ тілін білмейтін, қазақ тілін менсінбейтін, қазақ тілін білгісі келмейтін барлық деңгейдегі мемлекеттік, қоғамдық, кәсіподақтық, жеке, қожалық, шет елден келген басшылар мен мамандарға Қазақстан Республикасының, яғни, Қазақ Елінің мемлекеттік тілі Қазақ тілін білуді міндеттеп тағы 10 жыл емес, деңгейлеріне қарай 10 күннен 10 айға дейін уақыт беріп қатаң ескерту қажет.

Ақтөбе қаласы, дәрігер Нұрлан Ізденұлы.