Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл туралы» заңының жобасы


Гость

/ #23

2011-11-09 06:18

ТУҒАН ТІЛІМ
Көңілімді толқытып бір алайын,
Қанат қақпай, қалай ғана қалайын.
Тілім үшін керек болса бас қию
Мен ақырғы құрбандығың болайын.

Азаматтың алғаш таңы атқанда,
Бесігінен белі шықпай жатқанда.
Туған тілдің қамын жеген Қаршыға
Мағжандарың кетті түсіп қақпанға.

Өз тіліңмен айтамын деп мұңыңды,
Өз тіліңмен жұбатам деп ұлыңды.
Таяқ жедің талайлардың қолынан
Талайлардың сақал-шашы жұлынды.

Оған бола өкінбеймін бірақ та,
Өкінемін орыс тілді қазаққа.
Бір күндері түсінерсің мұңымды
Өз тіліңді қорлатпашы мазаққа.

Бейбіт күнде от боп лаулап жанайын,
Мұз жүрекке нәр боп әркез тамайын.
Тілін сүйген нағыз қазақ ел болсақ
Туған тілде талай жырды жазармын

Ана тілім сенен артық тіл бар ма?
Өмір өзі жетелейді шыңдарға
Қасиетті болмасаң туған тілім
Абай, Мағжан, Мұқағали жырлар ма?