Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл туралы» заңының жобасы

өлең

/ #30 қонақ

2011-11-09 19:45

Діңгегі-алтын,
ділі- саф,
тілі-балғын,
Тірегі-Тәңір,
діні-хақ,
күні-жарқын.
Данасы-кішік,
кішігі-ұлық,
даңқы-ұран,
Кеше бір ұрпақ көрдім,ұмытар кім?
Даласын көрдім,қырынан гүл тердім,
Шыңдары,шіркін,
Сұлулығына тамсанған үркердің.
Арманы-биік,
намысы-шоқ,
ары-от,
Ұлдары ыңғай,
Демінен біткен Шілтеннің.
Қарадың-дағы,жылаттың.
Кім екен көзіне құм құйған бұлақтың?
Үзбедім күдер.
"Бағзының үні сарқылмас"--,-
Дедімде, өзімді-өзім жұбаттым.
Енді мен еншісін сұраймын АЛЛАдан,
Жағама біткен анау құрақтың.