Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл туралы» заңының жобасы


Гость

#26

2011-11-09 10:45

Жобаны толықтай қолдаймын!

Гость

#27

2011-11-09 11:32

қазақ тілі заң жобасын қолдаймын

Гость

#28

2011-11-09 16:45

Алғашында көп адамдарға түсініксіздеу болуы мүмкін. Мұнда екі заң жобасы көрсетілген. Дұрыс түсінікті болатындай естіп алғы шарты жазылса. Нені қолдау керегі екені. екі жобаны ма, әдде екеуінің біреуіне дауыс беру керек пе:
rauan.1984@mail.ru

#29

2011-11-09 17:54

Қазақ тілінің келешегі үшін, Қазақ елі үшін жанымды беремін, ел ертеңі үшін басымды бәйгеге тігуге дайынмын... Тіл үшін тартыс, ел үшін егес басталса шыбын жаным құрбан...

өлең

#30 қонақ

2011-11-09 19:45

Діңгегі-алтын,
ділі- саф,
тілі-балғын,
Тірегі-Тәңір,
діні-хақ,
күні-жарқын.
Данасы-кішік,
кішігі-ұлық,
даңқы-ұран,
Кеше бір ұрпақ көрдім,ұмытар кім?
Даласын көрдім,қырынан гүл тердім,
Шыңдары,шіркін,
Сұлулығына тамсанған үркердің.
Арманы-биік,
намысы-шоқ,
ары-от,
Ұлдары ыңғай,
Демінен біткен Шілтеннің.
Қарадың-дағы,жылаттың.
Кім екен көзіне құм құйған бұлақтың?
Үзбедім күдер.
"Бағзының үні сарқылмас"--,-
Дедімде, өзімді-өзім жұбаттым.
Енді мен еншісін сұраймын АЛЛАдан,
Жағама біткен анау құрақтың.

Гость

#31 қонақ

2011-11-09 20:45

Діңгегі-алтын,
ділі-саф,
тілі-балғын.
Тірегі-Тәңір,
діні-хақ
күні-жарқын.
Данасы кішік,
кішігі-ұлық,
даңқы-ұран,
Кеше бір ұрпақ көрдім,ұмытар кім?
Адасып келем,қолыңды созшы,
Сол ұрпақтан қалған кім?
Суырып ал мені мынау қара түнектен,
Жібермеңдерші,жын-перілерін,үдетпең!
Әулием қайда,
әруақтым менің,
киелім,
Толғатқанда барып,анамды менің түнеткен?
Бауырларым да болдырып қалған,байқаймын,
Ғашықтық деген жалғызға біткен жүректен.
Қарадың-дағы, жылаттың.
Кім екен көзіне құм құйған бұлақтың?
Үзбедім күдер.
"Бағзының үні сарқылмас",-
Дедім де,өзімді-өзім жұбаттым.
Енді мен еншісін сұраймын АЛЛАдан,
Жағама біткен анау жасыл құрақтың.


Гость

#32

2011-11-11 17:19

косыламын

Гость

#33

2011-11-14 06:04

Memlekettik tildi koldap daues bereik

Гость

#34

2011-11-14 08:26

Қазақстанда мекендейті 130 ұллтың тарихи елі бар? ал қазақ халқының басқа елі жоқ. Сондықтан қазақ халқының тілі, қазақ тілі болуы керек!
Тіл жанашыры

#35

2011-11-16 17:31

Қазақстан егемен ел болып, тәуелсіздік алғаннан кейін де қазақ тілінің қоғамдағы орнын, Әлеуметтік жағдайын әлсіретуді, конститциялық мәртебесін жоққа шығаруды көздейтін жат пиғылдар әлі де кездеседі. Қазақ тілін өзінің қитұрқы саясатынының ойыншығына айналдырушылардың мұндай әрекетінінң астарында қазақ тілін төменндетіп, ұлтты ыдырату, сол арқылы ұлт қауіпсіздгін әлсірету пиғылы жатқанына көз жеткізу қиын емес. Қазақ тілі дамымай қалған тіл, мешеу қалған халықтың тілі, мелмекеттің тіл болуға жарамсыз деп ізгілікен сыйыспайтын, ақиқатпен үлеспейтін, ғылыми негізі жоқ уағыздарына жұртылықты иларуды көздейді.
(Оқулық кітабынан алынған мәтін)

Гость

#36

2011-11-19 16:18

"Тіл туралы заңның" осы жобасы қайткенде де қабылдануы керек.
Ұлтымыздың болашағы үшін өте маңызды.

Гость

#37

2011-11-19 17:11

Петиция өте сауатты, қазақ ұлтының ішінде шемен боп жатқан арман-мұңын дөп басып көрсеткен. Тек, шіркін, осы заң көпшіліктен қолдау тапса, жоғарыдағы  тіл білмейтін, жұмсақ таққа жайғасқан  "көкелеріміз" бұл заң жобасын бекітсе, қазақ елі шын мәніндегі тәуелсіздікке қол жеткізер еді. Мен, менің айналамдағы туыстарым, құрбыларым, оқушыларым бұл Заң жобасын қолдауға сөз береміз. Өйткені тілсіз ұлт жоқ. Өзге халық біздің елімізге өкпелесе, баратын отаны бар; ал қазақ  қайда бармақ?!


Гость

#38 Re:

2011-11-19 17:16

#28: - Сол жағындағысы қазіргі қолданыстағы Заң, ал оң жағындағысы  ел азаматтары жетілдірген, қазақ деген халықтан қолдау күтетін  жаңа ЗАҢ!!!

 


Гость

#39

2011-11-19 17:32

Қазақ елінде бір ғана тіл - қазақ тілі- қолданыста болуы шарт. Өзге тілді біл, өз ана тіліңде сөйле!!!

Гость

#40

2011-11-20 03:57

Мына өмірде шошқа да өз тілімен қорсылдап келе жатқан жоқ па? Біздің билік басындағылар сонда шошқадан да ары болғандары ма?

Гость

#41

2011-11-20 05:31

Қазақтың тілі жоғалса, өзі де жоғалады.

Гость

#42

2011-11-20 08:57

Мемлекеттік тіл туралы заң жобасын қолдаймын!!!

Гость

#43

2011-11-20 09:51

Іс қағаздар тек қана қазақ тілінде жүргізілүі керек көшедегі жарнамалар т.б бәрі қазақ тілінде болу керек елбасымыз басқа елдерге барғанда және елшілерді қабылданғанда тек қана қазақ тілінде сөйлесін маңызды қужаттарды қабылдағанда біз жастар қазақия азаматтары соны талап етуіміз керек.

Гость

#44

2011-11-20 11:05


Многие комментаторы говоря о казахском языке - ошибаются.
В проекте подчеркивается, что Государственным языком Казахстана является казахский язык. Но Вы можете не изучать казахский язык, это Ваше право и свобода. За это никто не несет никакого наказания. Но Вы должны и обязаны (особенно, если Вы работник госслужбы) знать Государственный язык - как гражданин и служащий данного государства.
В противном случае, противникам казахского языка надо будет доказывать, что Казахстан не является государством казахского народа... Мудро! Это вполне нормальный демократичный принцип.

Гость

#45

2011-11-20 19:14

мына сайтты Қазақ сайттарына шығарып қою керек, әйтпесе көбі білмей қалады. мен мысалы abai.kz сайытындағы пікір жазылған жерден көрдім.

Гость

#46

2011-11-21 08:18

Қазақ бола тұра, өз тілін білмесе, ондай қазақты тірілей
өртеу керек. Елі, жері, туы жоқ цыган халқы, өз тілін құрметтейді. Тек біздін қазақ ашық күн астында адасып журген.

Гость

#47

2011-11-21 08:25

Государственный язык должен расти и развиваться
А. Бактанұлы

#48 «Ұлт тағдыры» клубының кезекті отырысы

2011-11-21 14:26

Жуырда, 21 қараша күні, С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасында «Ұлт тағдыры» Павлодар облыстық пікірсайыс клубы «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл туралы» заңының Жобасы» бойынша дөңгелек үстел өткізді. Оған Павлодар және Ақсу қалаларындағы қоғам белсенділері, шығармашыл зиялылар, ғалымдар, тіл жанашырлары қатысты.
Клуб жетекшісі Арман Қани «Жобаның» жалпы сыр-сипатын әңгімелеп, осы құжатты дайындаған жұмысшы тобының құрамы туралы айта келіп, пікірсайыс тудыратын ойларды ортаға тастады. Атап айтқанда, ол былай деді: «Кейбіріміз мемлекеттік органдарды, сонан соң бірімізді-біріміз сынаудан артық қимылға бара алмай жүрміз. Рас, сын керек-ақ, бірақ біреулерді сынау үшін өзің де бір іс тындыруға тиістісің ғой. «Жобаның» мән-маңызын халыққа түсіндіру жұмысын жүргізу және оның Заң ретінде қабылдануы үшін билікке ықпал ету негізінен ұлттық бағыттағы қоғамдық ұйымдардың еншісіне тиеселі. Басқаша айтсақ, мына отырған бәріміз мойнымызға жауапкершілік жүктеуіміз керек».
«Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық қозғалысы облыстық филиалының төрағасы Руза Бейсенбайтегі, «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының Басқармасы мүшесі, «Азат» қоғамдық қозғалысының ардагері Науқанбек Рысбай, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ақын Алақанұлы, «Ұлт тағдыры» қозғалысы Ақсу қалалық бөлімшесінің мүшесі, «Аттан» қозғалысының ардагері Қанатбек Нәбиев, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қайырболат Нұрбаев, «Азат» қоғамдық қозғалысының және журналистика ардагері Социал Әйтенов, «Азат» қоғамдық қозғалысы облыстық ұйымының төрағасы Қабдырахман Сейілғазин, «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысы облыстық ұйымының үйлестірушісі Светлана Қондыкерова, «Ұлт тағдыры» облыстық пікірсайыс клубының мүшесі, «Азат» қоғамдық қозғалысының ардагері Айдарғазы Мәкешев, «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының мүшесі Төлен Рамазанұлы және өзге де тіл жанашырлары сөз сөйлеп, «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл туралы» заңының Жобасы» туралы толымды пікір білдіріп, толықтай қолдайтынын жария етті.
Пікірсайысқа қатысушылар тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қабылдануға тиісті Заңның жобасы енді ғана дайындалғанына бір жағынан қынжылыс білдірсе де, екінші жағынан «Ештен кеш жақсы» деген аталы сөзге тоқталды. Сондай-ақ өте ғылыми негізделіп, заңдық актілерге сүйеніп дайындалған Заң жобасының осы нұсқасының қабылдануына кедергі келтіруші топтар әлі бас көтереді деген күдіктері бар екенін де жасырмады. Тілге қатысты Заңдар мен Тіл саясатының мемлекетқұраушы ұлттың мұрат-мүддесіне сәйкес қабылдануы үшін түрлі тетіктерді пайдалану қажет деген батыл ойлар да айтылды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстанның территориялық тұтастығының және ұлт мәдениетінің сақталуы мен дамуының басты шарты – қазақ тілі болып табылатыны айқын көрініс тапқан осы Жобаның Заң ретінде қабылдануына Президент әкімшілігі және Мәдениет министрлігі тарапынан тиісті қолдау көрсетілуі жөнінде өтініш хатқа ұйымшылдықпен қол қойды. Сонымен қатар, бірнеше азамат осындай мағынадағы өтініш хаттарға қол жинайтынын айтып, ертеңгі күннен бастап іске кірісетінін мәлімдеді.
«Ұлт тағдыры» облыстық пікірсайыс клубының жетекшісі Арман Қани дөңгелек үстелді қорытындылап, отырыстың сапалы әрі нәтижелі өткенін атап көрсетті.
Дөңгелек үстелге облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бөлім меңгерушісі Мәулен Аханов және облыс ішкі саясат басқармасының бас маманы Ержан Төкенов қатысты.



Гость

#49

2011-11-21 15:22

Казак тили - аркашанда биздин ана тилимиз болып келген жане алдагы уакытта болып кала береди.Ана тилимизге ешкимнин тил тигизуге жане аяк асты етуге кукыгы жок.

Гость

#50

2011-11-22 15:24

Барлыгы жаксы, бiр гана маскарасы оз елiмiзде, оз тiлiмiз үшін петицияны койып жаткан сайттын уймдастырылуы да келемеждегендей коршi мемлекеттiн тiлiнде. Тауелсздiк кашан туар екен?
Руза Керекуден