Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл туралы» заңының жобасы


Гость

/ #31 қонақ

2011-11-09 20:45

Діңгегі-алтын,
ділі-саф,
тілі-балғын.
Тірегі-Тәңір,
діні-хақ
күні-жарқын.
Данасы кішік,
кішігі-ұлық,
даңқы-ұран,
Кеше бір ұрпақ көрдім,ұмытар кім?
Адасып келем,қолыңды созшы,
Сол ұрпақтан қалған кім?
Суырып ал мені мынау қара түнектен,
Жібермеңдерші,жын-перілерін,үдетпең!
Әулием қайда,
әруақтым менің,
киелім,
Толғатқанда барып,анамды менің түнеткен?
Бауырларым да болдырып қалған,байқаймын,
Ғашықтық деген жалғызға біткен жүректен.
Қарадың-дағы, жылаттың.
Кім екен көзіне құм құйған бұлақтың?
Үзбедім күдер.
"Бағзының үні сарқылмас",-
Дедім де,өзімді-өзім жұбаттым.
Енді мен еншісін сұраймын АЛЛАдан,
Жағама біткен анау жасыл құрақтың.